"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№38 "Әлем" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

“Бестемше” қазақ халқының байырғы заманнан келе жатқан ұлттық ойыны. Республикалық Бестемше Федерациясының төрағасы Шотаев Махсат Есенбекұлы педагогтармен семинар өткізіп, бестемшенің шығу тарихымен таныстырып өтті. Бұл ойын ойнаушы талғамайды: бала да, жас та, кәрі де, қыз бала да, ер бала да ойнай береді. Ұлттық құндылығымызды ұрпақ бойына сіңірудің бір жолы-ұлттық ойындарымызды насихаттау.

Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы “Наурызнамаға” сәйкес 20 наурыз “Ұлттық спорт” күніне орай №38 “Әлем” бөбекжай-балабақшасы педагогтар арасында “Бестемше”, “ Әлемдегі бестемше” ойыны ұйымдастырылды.

Балабақшамызда “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында ұйымдастырылған “Ұлттық ойын-ұлт қазынасы“ атты Бестемшеден педагогтар арасында турнир өткізілді.

Нәтижесінде: Кожаниязова Л.А. l орын;

Даулетбаева Ж.К. ll орын;

Баймұханова Қ.Е. lll орын иеленді.

Дене шынықтыру нұсқаушысы:Отарбаева Ж.О.

15-мамыр “Отбасы күні” мерекесіне орай №38 “Әлем” бөбекжай- балабақшасында ұлттық ойын Бестемшеден

“Анам және мен” сайысы ұйымдастырылды. Тәрбиеленушілер аналарымен бірге бестемше ойынын ойнады. Дене шынықтыру нұсқаушысы: Отарбаева Ж.О.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы «Ұлттық зияткерлік ойындар» тақырыбында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру нұсқаушыларына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференциясының жоғары деңгейде өткізілуіне үлес қосқан Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының м.а. Берік Әбдіғалиұлына, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті Мақсат Есенбекұлына, ҚР құрметті спорт қайраткері Жомарт Сабыржанұлына, Қазақстан Этнодизайнерлер одағының президенті Салтанат Әминқызына, Астана қаласы бойынша дене шынықтыру мұғалімдері қауымдастығының төрайымы Динара Мұратқызына, сондай-ақ барлық қонақтар мен қатысушыларға шын жүректен алғысын білдіреді. Ұлттық зияткерлік ойындар шеңберінде тәжірибе мен идеялар алмасу алаңын құруда атсалысқан қолдауларыңызды жоғары бағалаймыз.

Балабақшамыздың меңгерушісі Спанова Т.В. Астана қаласында Ұлттық музейде өткен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы «Ұлттық зияткерлік ойындар» тақырыбында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру нұсқаушыларына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференциясына “Әлемдегі бестемше” атты балабақшамыздағы топ атауларымен тігілген кілемше бестемше ойынын таныстырып,жоғары деңгейде қатысып құрмет грамотасымен марапатталды.

№44 «Тұлпар» бөбекжай-балабақшасында ұйымдастырылған мектепке дейінгі балаларға арналған «Бестемше» ұлттық ойынының қалалық кезеңінде үздік нәтиже көрсетіп I дәрежелі орынға иеленген балабақшамыздың «Бауырсақ» МАД тобының тәрбиеленушісі Манарбек Амирді жеңісімен құттықтаймыз.

Дене шынықтыру нұсқаушысы: Отарбаева Ж.О.